"Қостанай қалалық

онкологиялық көп бейінді ауруханасы" КМК

Қостанай облысы әкімдігі
денсаулық сақтау басқармасының

Анықтама үстелі:

Емхана 8 (7142) 39-30-25

Стационар 8 (7142) 39-12-40

Телефондар желісі

Мекен-жай:

110010, Костанай

ул. Кубеева, д.2

Картада көрсету

Химиямен емдеу бөлімшесі



Химиямен емдеу бөлімшесі диспансердің құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімше 2004 жылдан бері жұмыс істейді және бүгінде 35 төсектік орын қызмет көрсетеді.
 
Бөлімше меңгерушісі: Войтова Инна Валентиновна –  жоғары санатты дәрігер.
 
Бөлімше дәрігерлері:
 
Потапенко Валентина Васильевна – жоғары санаты жоқ дәрігер;
Сайменова Махаббат Бахитжанқызы – жоғары санаты жоқ дәрігер;
Байғазина Эльмира Бейсенбайқызы – жоғары санаты жоқ дәрігер.
 
Бөлімшенің аға мейірбикесі Төлегенова Сәуле Қапанқызы - жоғары санатты мейірбике.
 
Қатерлі ісіктерді химиялық жолмен емдеу – бұл ісікті жасушаларды қайтымсыз  тежейтін немесе зақымдайтын дәрілік заттармен емдеу  мақсатында пайдалану. «Ісіктерді химиямен емдеу» термині ісікке фармакологиялық заттардың әсерімен байланысқан ісіктерді емдеудің медикаменттік түрлерінің бәрін кең ұғыммен көрсетеді.

Химиямен емдеу бөлімшесінде жыл сайын түрлі қатерлі ісігі бар мына науқастардың сырқаты химиялық жолмен емделеді: өкпе, сүт безі, асқазан, тоқ және тік ішек рагы, асқазан, өңеш, аналық без, жатыр мойны рагы, эндометрия, қуық, ракоматалық без рагы, жұмсақ тін және сүйек саркомасы,  меланома, бас миының ісігі, лимфогранулемаз,  Неходжскин түйіндері және т.б.  Сол сияқты қатерлі ісіктерді гормондық емдеу, иммундық емдеу, таргеттік емдеу жүргізіледі.  Химиямен емдеу емдік және алдын алу мақсатымен жүзеге асырылады.

Химиялық препараттармен, гормональдік,  таргеттік препараттармен емдеу, иммундық емдеу халықаралық стандарттарға сәйкес жүргізіледі. Онкологиялық науқастар қажетті барлық цитостатиктермен тегін қамтамасыз етіледі.  Емнің тиімділігіне, емдеу динамикасына ұдайы бақылау жүргізіледі.  Химиялық препараттардың енгізілуінен болған реакциялар мен жанама тиімділіктерге түзету енгізіліп отырады. Химиямен емдеу препараттары әлемде енгізілген ісікке қарсы заттармен жыл сайын толықтырылады, химиялық препараттармен емдеудің және енгізудің жаңа әдістері қолданылуда.,
 
2014 жылы онкодиспансер базасында дәріхананың құрылымдық бөлімшесі болып табылатын цитостатиктерді ерітудің орталықтандырылған бөлмесі (бұдан әрі –ЦОЕБ) ашылды. Оның негізгі міндеті диспансердің бөлімшелері ұсынған цитостатистік дәрілік заттарды ерітудің талаптарына сәйкес цитостатистік дәрілік заттарды еріту болып табылады.

Телефон – 73-00-54