Қостанай облыстық

онкологиялық диспансер

Денсаулық сақтау басқармасының
Қостанай облысы әкімдігі

Анықтама үстелі:

Емхана 8 (7142) 39-30-25

Стационар 8 (7142) 39-12-40

Телефондар желісі

Мекен-жай:

110010, Костанай

ул. Кубеева, д.2

Картада көрсету

Емханалық бөлімше



Емханалық бөлімше диспансердің құрылымдық бөлімшесі болып табылады, рак алдындағы және онкологиялық аурулары бар пациенттерге кеңес беру-нақтамалық мамандандырылған амбулаторлық көмек көрсетеді.
Бөлімше меңгерушісінің м.а. – Дисаенко Ксения Сергеевна – екінші санатты дәрігер
 
Бөлімше дәрігерлері:
Кулаков Юрий Евгеньевич – санаты жоқ дәрігер.
Басқа мамандықтар бойынша қабылдау қабылдау кестесіне сәйкес стационарлық бөлімшелердің дәрігерлерімен жүргізіледі.
Бөлімшенің аға мейірбикесі Толышева Людмила Николаевна - жоғары санатты мейірбике.
 
Бөлімше қызметінің мақсаты облыс халқына ұсынылатын онкологиялық қызметтің мәселелері бойынша нақтамалау, емдеу-алдын алу, ұйымдық-әдістемелік, мамандандырылған медициналық көмек көрсету.
Аумақтық емханалардағы қабылдау онколог дәрігерлерді жіберу арқылы жүзеге асырылады.
Емхана ерте сатыдағы онкологиялық ауруларды анықтауға және мамандандырылған емдеу жүргізу үшін науқастарды уақытылы жіберуге мүмкіндік беретін заманауи медициналық аппараттармен және жабдықтармен жабдықталған.
Емдеу-нақтамалау жұмысының сапасын арттыру және онкологиялық науқастарды емдеудің тиімділігін арттыру мақсатымен диспансерде мультитәртіптік топ жұмыс істейді.
 
Шағын тәртіптік топ (ШТТ)
 
Шағын тәртіптік топ (бұдан әрі-ШТТ)  – жалпы мақсаты мен міндеттері біріккен және онкологиялық көмек көрсетуге қатысушы медициналық және медициналық кәсіптегі емес мамандар тобы.
МАҚСАТЫ: онконауқастарды нақтамалау, емдеу, диспансерлік бақылау және оңалту мәселелері бойынша мультитәртіптік және биопсиялық-әлеуметтік ықпал арқылы онконауқастарға медициналық, медиктік-әлеуметтік көмек көрсетуді жақсарту.
Биопсиялық-әлеуметтік ықпал – нақтамалау, емдеу, оңалту және басқа шараларды жүргізе отырып, пациенттерде пайда болған мәселелердің барлығының блогы (медициналық, психологиялық, әлеуметтік және т.б.), ҚООД құзіреті шегінде шешілетін онкологиялық көмекті кешенді көрсету.

I. Принциптері
  • Онкологиялық көмек көрсетудің жиынтықтылығы. 
  • Онкологиялық көмек көрсетудегі жеке ықпал.
  • Жоспарланған және жүзеге асырылатын нақтамалау, емдеу, оңалту және басқа шаралар кешенін жоспарлау мен  орындаудың сабақтастығы. 
  • ШТТ мүшелерінің топтың жалпы мақсаты, міндеті мен тағайындауы сияқты өздерінің жеке қызметін түсіне білуі.
  • ШТТ мамандарының жұмыс нәтижелері үшін жеке жауапкершілігін сақтай білуі.
II. Міндеттер
  • Халықаралық онкологтар қоғамдары (ESMO, ASCO, NCCN) ұсыныстарымен, ҚР қатерлі ісіктерді нақтамалау және емдеудің клиникалық хаттамаларымен, денсаулықпен (МКБ 10 қайта қарау) байланысты аурулар мен мәселелердің Халақаралық жіктемесіне сәйкес онконауқастарды динамикалық байқау мен нақтамалау, емдеу тактикасын алқалылықпен таңдай білу.
  • Онкологиялық науқастарды емдеумен қамту, амбулаторлық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейдегі емдеудің  адекваттық, тиімділік мониторингі.
  • КІ бар науқастарды диспансерлік есепке алу және шығару мониторингі.
  • Жоғары мамандандырылған медициналық көмек алу үшін республикалық медициналық ұйымдарға жіберу.
  • Онкологиялық науқастарға медиктік-әлеуметтік көмек көрсету үшін көрсетімдерді анықтау.
  • ШТТ шешімі міндетті сипатқа ие болады және медициналық қызмет көрсетудің барлық кезеңдерінде (амбулаторлық, стационарлық және стационарды алмастыратын)   және деңгейлерінде (аудандық, қалалық, облыстық, республикалық) жүзеге асырылады.
ШТТ құрамы ҚООД бас дәрігерінің бұйрығымен жыл сайын бекітіледі.

Телефон – 39-03-32