Саркома – жалғастырушы тіннен дамитын қатерлі ісіктердің ішінде сирек кездесетін, бірақ зиянды топқа жатады, яғни сүйек, шеміршек, бұлшықет, май тіндері, тамырлар және т.б. Олар әлемдегі барлық қатерлі ісіктердің шамамен 1%-ын құрайды. Денеде саркомалар тез өседі, ерте метастазға айналуға және қайталануға бейім, бұл оларды емдеуді қиындата түсетінін ескетеміз.
Қатерлік факторлары. Саркоманың нақты себептері белгісіз, бірақ негізгілеріне мыналар жатады:
* Генетикалық бейімділік (нихрофиброматоз, Ли‑Фраумени синдромы және т. б.);
* Радиация, химиялық заттар;
* Иммунитет тапшылығы, вирустар (мысалы, Эпштейн-Барр);
* Созылмалы лимфедема, жарақаттар, операциялар, трансплантациялар.
Қазақстанда сүйек саркомасымен сырқаттанушылық төмендеді (~40 %), өлім — жітім де төмендеді (0,8/100 000 дейін). Алайда, жұмсақ тіндердің саркомалары әйелдер мен ер адамдарда ауру мен өлімнің көбеюін көрсетеді. Қостанай облысында жылына алғаш рет саркомның 9 жағдайы анықталды.
Бес жылдық өмір сүру деңгейі 61,9%-ды құрайды.
Кешіктіріп нақтамалау негізгі мәселелердің бірі болып табылады, соның салдарынан аурулардың едәуір бөлігі III-IV сатысында анықталады ( ).
Бүгінде Қостанай облысы бойынша диспансерлік есепте 158 адам тұр, оның ішінде жұмсақ тіндердің саркомасы 3 балаға тән.
Саркома сирек кездесетін, бірақ өмірге қауіп төндіретін ауру болып қала береді. Қазақстанда бұл ауруды ерте нақтамалау мен емдеу ісінде ілгерілеушілік бар.
Саркоманың алдын алу үшін мыналар ұсынылады:
* темекі шегуден бас тарту;
*күйзеліс деңгейін төмендету;
* жұқпалы, қабыну және аллергиялық тері ауруларын уақтылы емдеу;
* дұрыс тамақтану ережелерін сақтау;
* жарақат алудан сақтанып жүру;
* теріні артық ультракүлгін сәулеленуден, сондай-ақ зиянды химиялық заттар мен канцерогендердің әсерінен қорғап жүрген жөн.
Мынаны назарда ұстаңыз:
Қостанай қаласының тұрғындарын, егер ниет білдіргілері келсе 2025 жылғы 26 шілдеде сағат 9.00-13.00-ге дейін Көбеев көшесіндегі №2 үйге, яғни Қостанай қалалық онкологиялық көпбейінді ауруханасына ашық есік күніне келіп, саркоманы тексеруге шақырамыз.