8-7142-39-12-40 Стационар8-7142-52-40-77, 8-775-0309147 Колл центр8-7142-73-02-44 Эндоскопический центр8-7142-39-12-39 Телефон доверия
8-7142-52-40-73 СПП8-7142-73-03-44 Регистратура8-7142-39-12-36 Госзакупки
Главная  /  Новости
«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ ҮШІН TELEGRAM МЕН WHATSAPP-ТА ЖАҢА ЧАТ-БОТТЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
«СҚ-ФАРМАЦИЯ» ҚАЗАҚСТАН БОЙЫНША ПАЦИЕНТТЕРДІҢ ҚОЛАЙЛЫЛЫҒЫ ҮШІН TELEGRAM МЕН WHATSAPP-ТА ЖАҢА ЧАТ-БОТТЫ ІСКЕ ҚОСТЫ
Енді ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберінде тегін дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдарды алатын Қазақстанның барлық өңірлерінің тұрғындары тағайындалған дәрілер туралы ақпаратты ыңғайлы форматта жедел ала алады.
Жаңа құрал дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету туралы ақпаратты әр пациент үшін қол жетімді, ыңғайлы, түсінікті және жедел ету үшін жасалған. Дәрі-дәрмектер мен медициналық өнімдер туралы негізгі ақпаратты  кезексіз және ұзақ күтусіз алуға болады.
Чат-боттарға жылдам өтуге арналған QR-кодтар медициналық ұйымдардың дәріхана пункттерінде орналастырылған, сондай-ақ «СҚ-Фармацияның» әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларында қолжетімді.
Чат-бот пайдаланушыларға: Чат-боттар іске қосылған сәттен бастап азаматтардан 300-ден астам өтініш келіп түскенін атап өтеміз. Сондай-ақ, жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша пайдаланушылар жаңа цифрлық шешімдерді енгізу ақпарат алу процесін және өтініштерді жіберуді едәуір жеңілдететінін атап өтті. Пациенттер ұзақ күтусіз қажетті ақпаратты алуға мүмкіндік беретін қызметтің ыңғайлылығын, қолжетімділігін және жеделдігін атап көрсетnі.
Чат-боттарды іске қосу және дамыту дәрілік қамтамасыз ету процестерінің ашықтығын арттыру және пациентке бағдарланған цифрлық сервистерді енгізу жөніндегі Бірыңғай дистрибьютордың жүйелі жұмысының бөлігі болып табылады. Жаңа байланыс арнасы ақпарат іздеу уақытын қысқартуға мүмкіндік береді және дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін халық үшін ашық әрі қолжетімді етеді.
Пайдаланушылардың кері байланысына ерекше назар аударылады. Чат-ботты қолданғаннан кейін әр тұтынушы қызметті одан әрі жақсарту үшін өз ұсыныстары мен ескертулерін жібере алады.
Сондай-ақ, цифрлық сервистерді дамыту кезінде дербес деректер мен ақпараттық қауіпсіздікті қорғауға баса назар аударылатынын атап өткіміз келеді. Алаяқтық жағдайлары мен ақпаратқа рұқсатсыз қол жеткізу тәуекелдерінің өсуі жағдайында «СҚ-Фармация» дербес деректерге қол жеткізуді бақылаудың қосымша тетіктерін, соның ішінде пайдаланушылардың құқықтарының аражігін ажыратуды және деректерге жүгінулердің мониторингін енгізді, бұл ақпараттың таралып кету тәуекелін барынша азайтуға, дербес деректермен жұмыстың ашықтығын қамтамасыз етуге және азаматтардың цифрлық сервистерге деген сенімін арттыруға мүмкіндік береді.
Байланыс құралдары:
Telegram чат-боты: @cont_center1_bot
Байланыс орталығы: 1439
Email: info@sk-pharmacy.kz
«СК-ФАРМАЦИЯ» МАСШТАБИРОВАЛО ЧАТ-БОТ В TELEGRAM И WHATSAPP ДЛЯ УДОБСТВА ПАЦИЕНТОВ ПО ВСЕМУ КАЗАХСТАНУ
Теперь жители всех регионов Казахстана, получающие бесплатные лекарства и медизделия в рамках ГОМБП и системе ОСМС, могут оперативно получать информацию о назначенных препаратах в удобном формате.
Новый инструмент разработан для того, чтобы сделать информацию о лекарственном обеспечении более доступной, удобной, понятной и оперативной для каждого пациента. Ключевые сведения о лекарствах и медицинских изделиях можно получить в несколько кликов: без очередей и длительного ожидания.
QR-коды для быстрого перехода в чат-боты размещены возле аптечных пунктов медицинских организаций, а также доступны на официальных страницах «СК-Фармации» в социальных сетях.
Чат-бот позволяет пользователям в удобном формате: Отметим, что с момента запуска через чат-боты поступило более 300 обращений от граждан. Также по результатам проведенного опроса пользователи отмечают, что внедрение новых цифровых решений значительно упрощает процесс получения информации и направления обращений. Пациенты подчеркивают удобство, доступность и оперативность сервиса, позволяющего получать необходимую информацию без дополнительных визитов и длительного ожидания.
Запуск и развитие чат-ботов является частью системной работы Единого дистрибьютора по повышению прозрачности процессов лекарственного обеспечения и внедрению пациент-ориентированных цифровых сервисов. Новый канал коммуникации позволяет сократить время поиска информации и делает систему лекарственного обеспечения более открытой и доступной для населения.
Особое внимание уделяется обратной связи от пользователей. После использования чат-бота каждый желающий может направить свои предложения и замечания для дальнейшего улучшения сервиса.
Также хотим подчеркнуть, что при развитии цифровых сервисов акцент делается на защите персональных данных и информационной безопасности. В условиях роста числа случаев мошенничества и рисков несанкционированного доступа к информации «СК-Фармация» внедрила дополнительные механизмы контроля доступа к персональным данным, включая разграничение прав пользователей и мониторинг обращений к данным, что позволяет минимизировать риски утечки информации, обеспечить прозрачность работы с персональными данными и повысить доверие граждан к цифровым сервисам.
Контакты:
Telegram чат-бот: @cont_center1_bot
Контакт-центр: 1439
Email: info@sk-pharmacy.kz
Сообщение сайта
Закрыть
ПОДОЖДИТЕ НЕМНОГО...