Онкологиялық науқастарға кез-келген медициналық көмек, оның ішінде дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету, сақтандыру мәртебесіне қарамастан ТМККК аясында тегін көрсетіледі.
⠀Диагностика мен емдеу төлемдерін, мемлекет әлеуметтік медициналық сақтандыру Қоры арқылы жүзеге асырады. Сондықтан, онкологиялық аурулары бар науқастарға медициналық көмек көрсетуден бас тартқан жағдайда, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы ӘМСҚ-ға хабарласыңыз.
⠀Сонымен қатар, МӘМС жүйесі онкологиялық аурулардың қауіпін және алдын-алудың маңыздылығын ескере отырып, қатерлі ісік ауруын ерте анықтауға және бейімділігін білуге скринингтердің бірнеше түрін қарастырады: сүт безі қатерлі ісігі кезінде (әйелдер үшін - 40 жастан 70 жасқа дейін), тік ішек қатерлі ісігі кезінде (ерлер мен әйелдер үшін - 50 жастан 70 жасқа дейін), жатыр мойны ісігі үшін (әйелдер үшін - 30 жастан 70 жасқа дейін). Сақтандырылған азаматтар тіркелген жеріндегі емханадан ақысыз өте алады.⠀
*
Любая медицинская помощь для онкобольных, включая лекарственное обеспечение, предоставляется бесплатно в рамках ГОБМП вне зависимости от статуса застрахованности.
⠀Оплата диагностики и лечения производится государством через Фонд социального медицинского страхования. Поэтому, при возникновении отказа в получении медицинской помощи пациентам с онкологическими заболеваниями просим обратиться в ФСМС посредством мобильного приложения Qoldau 24/7.
⠀Кроме того, учитывая опасность онкологических заболеваний и важность их предупреждения, системой ОСМС предусмотрено проведение нескольких видов скринингов, направленных на раннее выявление или предрасположенность к образованиям: на рак молочной железы (женщинам – с 40 до 70 лет), на колоректальный рак (для мужчин и женщин – с 50 до 70 лет), на рак шейки матки (для женщин – с 30 до 70 лет). Застрахованные граждане могут пройти его бесплатно в поликлинике по месту прикрепления